$ 494.87  520.65  4.91

«Руслан жоқ, енді олар құтырады»: шымкенттік полицей жүргізушіні жақтан бір ұрды (ВИДЕО)

«Полицияның ұруға хақысы жоқ. Өзі заңды бұзды», - дейді Ойшы Түменбаев.

Айдос Сағымтаев атты азамат facebook парақшасына көшеде тұрған полиция қызметкерінің бір жігітті ұрған видеосын жариялады. Оның сөзінше, бұл жайт Шымкент қаласында болған көрінеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазбасына Ішкі істер министрлігін белгілеп қойған ол: «Шымкенттің полицейлері көлік жүргізушісін тоқтатып, дөрекі сөйлеген жүргізушіге қол жұмсап жатыр. Бұл жағдай ҚР мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексіне қаншалықты сай келеді?» - дейді.

Пікір білдіргендердің бірі Ойшы Түменбаев: «Қандай болмағанмен, полицияның ұруға хақысы жоқ. Өзі заңды бұзды. Егерде жүргізуші басқа әрекет жасаса, полиция органға апарып, болған оқиғаны баяндап беру керек. Полиция кызметкерінің әрекеті көрініп тұр, ол заң түрінде жауап беру керек», - деп отыр.

Ал Қарлығаш Заурбекова деген кісі оған кереғар пікір айтты.

«Жүргізуші неге дөрекі сөйлейді? Келіспесе, протоколға қол қойғанда жазсын, «келіспеймін» деп. Полицейскийге шанс қалдырмайтын болды ғой халық. Жағасынан алып, байбалам салады, тоқтатса. «Хорошая защита – это атака» деп тек атылып, видеоға түсіріп, балағаттап жатады. Сонда полицейский не істеу керек? Қазір бір арызбен полицейскийді жазалауға болады. Олар да жұмысынан айырылғысы келмейді. Тек жақсылап түсінісу керек екі жақ. Сосын жазбаша жұмыстарын жүргізу қалады. Пара ұсынудан аулақ болу керек барынша. Осылай мәдениеттілікке көшсек, шіркін, керемет елге айналушы едік», - деп армандап кетті сөз соңында.

Қуаныш Дауетов есімді жігіт олардан басқаша ойлап отыр екен. «Мүмкін інісі шығар, ішіп рөлге отырған? Я тыңдамай, құжатсыз жүргізіп жүр ме? Не балдызы ма? Ашуына тиіп, шектен шығып кеткесін ұрып жатқан шығар», - деп топшылады ол.

Одан бөлек, желі қолданушы Равшан Бақтыбаев: «Руслан жоқ, енді олар кұтырады», - десе, сондай-ақ, Берік Жолдасов: «Руслан жоқ, енді білгендерін істейді», - деген екен.

Еске сала кетсек, олар айтып отырған Руслан Жанпейісов – полицейлер жіберген қате-кемшіліктерді үнемі видеоға түсіріп, желіге жүктеп жүрген шымкенттік белсенді. Сол әрекеттері үшін таяуда ұсталған ол, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа бейнеүндеу жасап, оған енді полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде беріп, кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары