$ 494.87  520.65  4.91

Шекара қызметінің лауазымды бір топ өкілі қамауға алынды

Лауазымды тұлғалардың қызмет орындары мен үйлерін тексеру барысында түрлі валютада сақталған ақша, қылмыстық іс үшін маңызды өзге де құжаттар мен айғақтар табылған.

Әзербайжанда Мемлекеттік шекара қызметінің алты офицері қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Trend агенттігіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Бас прокуратура бірлескен тергеу шарасы кезінде Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараны кесіп өту және өзге де заңға қайшы әрекеттерге байланысты фактілер анықталған. 

Бірлескен шаралардың нәтижесінде, Әзербайжан Мемлекеттік шекара қызметі (МШҚ) бастығының орынбасары, генерал-лейтенант Афган Нагиев пен оның қоластындағы қызметкерлер – МШҚ жағалау күзетінің бастығы полковник Немат Панахов, полковник-лейтенант Эльчин Велиев, полковник Самиг Әзизов, полковник-лейтенант Сакит Мурадов, майор Музаффар Намазов және тағы басқалары, қызметін теріс мақсатта пайдаланып Каспий теңізінде заңсыз балық аулаушыларға жағдай жасағаны үшін пара ретінде ақша алған.

Тергеу барысында аталған лауазымды тұлғалардың әр айдың соңында Афган Нагиевтің кабинетінде оған пара ретінде жиған ақшаны тапсырғаны, ал Афган Нагиевтің топ мүшелері арасында үлестіру үшін оларға белгілі бір пайызын қайтарып отырғаны анықталды. Лауазымды тұлғалардың қызмет орындары мен үйлерін тексеру барысында олардың алған ақшалай қаражаты туралы түрлі жазбалар, сондай-ақ түрлі валютада сақталған ақша, қылмыстық іс үшін маңызды өзге де құжаттар мен айғақ дәлелдер табылған. Аталған фактіге байланысты Әзербайжанның Бас прокуроры жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бас басқарма Әзербайжан Қылмыстық кодексінің 308.1 және 311.3.1 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Айыпталушылар Баку әскери сотының шешімімен қамауға алынды және қызметтерінен шеттетілді.

Еске сала кетсек, 30 сәуірде қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Әзербайжанның 4 азаматы мінген «байда» үлгісіндегі қайықты ұстаған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары