$ 498.34  519.72  4.85

«Дауа жоқ екен»: карантинді елемеген жұрт үй ауласында той өткізген (ВИДЕО)

Қазіргі таңда ережеге бағынбағандарды облыстық полиция іздестіруде.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында карантин кезінде той ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде қонақ жинап, үй ауласына үлкен мереке жасағандар түсірліген видео таралуда. 

"Үйлену тойы үйдің ауласында жасалған. Қонақ ығы-жығы жиналыпты. Карантинмен ешкімнің де шаруасы жоқ. Әлеуметтік желіде біреулер тойшыл қауымды сынап жатса, енді біреулері керісінше, қолдауда", - делінген жазбада.  

Қазіргі таңда ережеге бағынбағандарды облыстық полиция іздестіруде. 

"Бұл мерекелік іс-шара қашан және қайда өткенін анықтау қажет. Егер той карантин кезінде өткізілгені анықталса, ұйымдастырушылар міндетті түрде жазаланады", - деді ПД өкілдері. 

"Осыдан кейін қалай ұялмай ақша жоқ деп айтады? Өздері тойға миллиондап шашып жатыр" , "Түркістан, Шымкент, Қызылорда дегендер тойсыз отыра алмайды" , "Қазақ тойшыл халық қой. Той болмаса қазақ боламыз ба?" , "Мейрамханаларда рұқсат етпеген соң, ауласында жасайды барлығы" , "Сөзім жоқ. Бұлар індет тарап жатқанда мынадай бассыздыққа бой алдырғаны қалай болғаны?" , "Жергілікті билік қайда қарап отыр?" , "Тука ән салып жүр. Ол тойға шығып мәз шығар" , "Осыдан кейін Түркістанда тағы үш жүз адам коронавирус жұқтырса таңғалмаймын" , "Дауа жоқ екен. Індет деген шарықтап тұр. Немқұрайлы қарап, өзіңіздің де жақындарыңыздың да басын қатерге тігіп отырсыздар" , - деп жазуда көпшілік. 

Айта кетейік, Қазақстанда той өткізуге тыйым салынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары