$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында 1 жарым жастағы баланы періштесі қақты (ВИДЕО)

Ол бұл ерлігін "батырлық" деп есептемейді.

Қаладан келген бөбек тереңдігі 3 метр болатын кәріз құдығына құлап, аман қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға Аққулы ауданында болған. Балғын ойнап жүріп, көзден таса болған. Анасы мен үй иесі дереу іздеуге кірісіпті. Сол сәтте кәріз құдығындағы судың бетінде қалқып тұрғанын байқаған. Алайда баланы алып шығуға ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Үй иесі көмекке досын шақырған. 28 жастағы Қайрат Асылов кәріз құдығына түсіп баланы алып шыққан. Ол бұл ерлігін" батырлық" деп есептемейді.

"Келгенде бала септиктің ішінде жатты ес-түссіз. Абылхай септиіктің ішіне түсіріп, мен баланы жоғарғыға қарай көтеріп жібердім. Абылайхан әрі қарай баланы алып кетті. Ал, бала аудан орталығынан қалаға санавиациямен шұғыл жеткізіпті. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты ауыр дәрежеде деп бағалайды. Ауаның жетіспеушілігінен екі бірдей өкпесі қабынған", - дейді Аққулы ауданының тұрғыны  Қайрат Асылов. 

"Қазіргі жағдайы баланың тұрақты. Ауыр жағдайда. Қажетті барлық емін қабылдап жатыр", - деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құлады #Бөбек