Желіде үйіне кеш келген әйелді күйеуі қалай қорлағаны туралы видео таралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кадрлардан үйдің ауласында әбіржіп тұрған әйелді байқауға болады. Оның мойынан жіпке байланған екі баллон ілінген. Басы төмен салбыраған әйелдің үстінен күйеуі қайта-қайта шелекпе су құйып, ол аздай шапалақтап бір ұрған. Ал әйелдің еркектен қорлық көріп тұрғанын видеоға түсіріп тұрған адам, "болды, болды енді" деп оған жаны ашыған сыңай танытқан.
Tengrinews.kz-тің жазуынша, бұл оқиға Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Биліктегілер осы жағдайды бақылауға алып, ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамаған. Ал әйелі полицияға арыз қалдырыпты. Бірақ әйел кейіннен жазған арызын қайтарып алып, полициядан отбасылық ісіне араласпауын сұрапты.
Тағы оқи отырыңыз: «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің көбі арыз жазудан бас тартады» - министр
Екінші рет тұрмыс құрған келіншектің аянышты халі көпшілікті бейжай қалдырмады
Шымкентте біреулер көшеде кетіп бара жатқан әйелдің тісін сындырып, зорлап кеткен
Дегенмен, тергеу органдары бұл істі соңына дейін зерттемек, "арыз болмаса да, видео арқылы тергеу жүргізіледі" дейді.
Айтпақшы, Қырғызстанда болған оқиғаның видеосын көрген қазақстандық желі қолданушылары қарап қалмады. Facebook-тегі "Атамның басы-ай" тобына жарияланған видеоның астына олар: "Ұсқынсыз", "Түсіріп тұрған күйеуінің апасы", "Сұмдық", "Әйелді қорлауға бола ма? Қай заманда өмір сүріп жатыр?", "Қырғыздың қатындары мықты", - деп жазды.