02.07.2020, 02:40

Алматыда белгілі журналист көз жұмды

фото: 24.kz
Журналистің бұрынғы әріптестері марқұм орталық клиникалық ауруханада жыл сайынғы тексерістен өткенін айтты.

Алматыда 78 жасында журналист Вадим Махин қайтыс болды, деп жазды Sputnik Қазақстан.

Суық хабарды "Казахстанская правда" газетінің фототілшісі Юрий Беккер хабарлады.

"Вадим Валентинович Махин қайтыс болды", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Журналистің бұрынғы әріптестері марқұм орталық клиникалық ауруханада жыл сайынғы тексерістен өткенін айтты. Оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Вадим Махин 1941 жылы 8 қыркүйекте қазіргі Семей қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

1959-1964 жылдар аралығында  Алматыдағы Қазақ мемелекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. 

1966-1975 жылдар аралығында Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары саласында жұмыс істеді.

1995 жылы "Казахстанская правда" газетіне қызметке орналасты. Махин бұл редакцияда 20 жыл жұмыс істеді.