Түркістан облысының полицейлері бұзақылық жайты бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Күні кеше түнгі сағат 01:00 шамасында Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзін және туыстарын ауылдастары ұрып-соққандығын айтып, шағымданған, деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Оқиға орнына шұғыл Түркістан облысы ПД басшылығы бастаған жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер жүргізген жедел-тергеу іс-шарасы барысында анықталғандай, ауыл көшелерінің бірінде ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік болған.
Арада біраз уақыт өткен соң, жәбірленушінің үйіне бірнеше автокөлікпен береулер келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырып, содан соң жасырынып қалған. Жәбірленушінің 3 туысы жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер 4 күдікті тұлғаны анықтап, ұстады. Оқиғаға байланысты жайттар сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.