Қостанай тұрғыны 6 қыркүйекте супермаркеттен салат жапырағын сатып алған. Таңертең баласына бутерброд жасайын деп, пакетті ашқанда, ішінен тірі жарқанат тапқан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Кешке пакетті тоңазытқышқа салдым. Таңертең алдым да, жапырағын үздім, жуа бастадым, кейін шиқыл естідім. Пакетті дұрыстап жіберген едім, бір нәрсе шиқылдады ма, пысылдады ма, түбінен шығып бара жатқан сияқты болды. Күйеуім менің айқайыма жүгіріп келді, ол: "Бұл жарқанат қой!", деді.
Шынымды айтсам, әлі күнге дейін өзіме келген жоқпын. Оның мені тістеп алмағаны жақсы болды. Ал салат жапырағын біздің тоғыз жастағы қызымыз үйде жиі өзі алады ғой. Тышқан оны тістеп алса ше?...", - деп шағымданды Ирина Вишненко.
Таңғы астан кейін ерлі-зайыптылар дүкенге барған. Дүкен әкімшісі де жылтырдағы мақұлықты көріп, таңқалған. Ол мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрғанын айтқан. Дүкендегілер тұтынушыға тауарды шығарушыларға хабарласуға кеңес беріп, қандай да бір жауапкершіліктен жалтарған. Кейін журналистер ресми түсінік алу үшін супермаркеттің әкімшісі Темірлен Нусанбаевқа жүгінді. Ол республикалық дүкендер желісінің бас кеңсесіне сұрау жазуға кеңес берді және бұл жағдайда өндіруші жауапты екенін айтты. Ал өндіруші Евгений Ионин (Свердловская облысы, Ресей) бұған келіспейді.
"Бұл пакет менен бастап дүкеніңізге дейін қанша қолдан өткенін елестете аласыз ба? Оны қалай тасымалдағанын және қалай сақтағанын білмеймін. Қаптама ашық болған соң жарқанат кез келген қоймада кіріп кетуі мүмкін. Біз жіберер алдында әр пакетті тексереміз. Менің ойымша, бұл дүкеннің жауапкершілігі, өйткені қабылдау кезінде олар тауарды мұқият тексеру керек", - деді Евгений Ионин.