26.09.2020, 04:55

Қызылорда облысында аралдық барымташы 21 жылқыны қуып кеткен

фото: kzl.sud.kz
Күдіктіні Аралға көршілес Қазалы ауданының полиция қызметкерлері ұстады.

Қызылорда облысында 21 жылқыны қолды еткен ұры қолға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таяуда өңірдегі Арал ауданы Тоқабай елді мекенінің тұрғыны полицияға арызданған. Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, соның нәтижесінде мал ұрлаған адам қолға түсті.

«Күдіктіні Аралға көршілес Қазалы ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Қылмыстық істі ашуда криминалдық полиция қызметкерлері, полиция майоры Алмат Бердібеков, жедел уәкілдер – полиция аға лейтенанты Нұрбек Алмағанбетов және Мұрат Баймаханов белсенді әрекет етті. Оларға Арал ауданында 21 жылқысы қолды болған тұрғын Аралбек Байжақанов алғысын білдірді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.