$ 449.58  486.94  4.86

ШҚО-да үй алмақ болған азамат 130 млн теңгесіннен айрылып қалды

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны алаяққа алданып, 130 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған 46 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын қолға түсірген.

«Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзіне тиесілі емес жылжымайтын мүлікті сататындығын айтып, жәбірленушінің 130 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Осы ретте, департамент өкілдері тұрғындарға алаяқтардың тұзағына түсіп қалмас үшін барынша абай болу керектігін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#алаяқтық #ШҚО