$ 447.4  477.55  4.76

Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің ұсталғаны жайлы ВИДЕО тарады

Екі қызметкер Оралдағы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
https://youtu.be/FjDihxRflOI
https://youtu.be/FjDihxRflOI

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері 5 млн теңге парамен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім еткеніндей, аталған департаменттің аға тергеушісі мен жедел уәкіліне қатысты тергеу басталды.

Олар 1 қазан күні басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі қысқартуға ықпал етемін деп, Т. деген адамның сеніміне кіріп сеніміне кіріп, алдау жолымен 5 млн теңгесін иемденген.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары