$ 446.49  475.38  4.79

Оралда автокөлік өзенге құлап, үш бала ажал құшты

Өкінішке қарай, 9, 7 және 6 жастағы балаларды құтқару мүмкін болмады.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Оралда автокөлікпен бірге үш бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Шаған өзенінде болды.

Сағат 16.55-те белгісіз әйел 102 телефонына қоңырау шалып, ішінде үш бала болған автокөліктің өзенге батып кеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына сол маңда жүрген 3 қызметкерден тұратын полиция тобы дереу жетіп, балаларды құтқармақ болып суға секірген.

Өкінішке қарай, 9, 7 және 6 жастағы балаларды құтқару мүмкін болмады.

Екеуі бір үйдің балалары. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Б.Белгібеков аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді. Балалар ересектермен бірге табиғат аясында демалуға келген.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға қалаға жақын орналасқан Бәйтерек ауданы Достық ауылы тұсында болған. Балалар қараусыз қалғаны анықталды. Оқиға орнында жедел құтқару жасағының қызметкерлері де жұмыс істеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары