3 қазанда Ақтаудағы қан орталығына қарама-қарсы жерде жол апаты болып, нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылған, деп хабарлайды Stan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау полиция басқармасының "Сұңқар-8" патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнына жеткен. Оқиға орнында Audi мен жедел жәрдем көлігі соқтығысқандығы белгілі болған.
"Аталған факті бойынша анықтаушылар жұмыс істеуде", - деп атап өтті өңірдің бас полицейі, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың екеуі үйлеріне жіберілді, ал қалғандары Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.