$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда үй пешінің түтініне тұншығып, екі қыз бала ажал құшты

Мамандар болған жағдайдың себебі – пеш түтіндігі жапқышының жабылып қалуынан деген нұсқаны қарастыруда.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында түтінге уланған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Секисовка ауылында болған.

2005 және 2013 жылғы екі қыз әпкесінің үйінде болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты сол үйде қонған олар пеш жағып, жатар кезде түтіндіктің жапқышын ашуды ұмытып кеткен.

«Таңертең аналары қыздарын ес-түссіз күйде тауып, бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер балаларды тексергенде екеуінің де көз жұмғаны анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мамандар болған жағдайдың себебі – пеш түтіндігі жапқышының жабылып қалуынан деген нұсқаны қарастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары