16.10.2020, 18:00

Атырауда түрме аумағына тыйым салынған зат лақтырғандар ұсталды

фото: pixabay.com
УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері оларды ұстау үшін Атырау қаласының Полиция басқармасына жоғарыда аталған автокөлікке қатысты бағдар жіберді.

Атырау облысында түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған зат лақтырған үш азамат ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда белгісіз тұлғалар Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты УГ-157/9 мекемесінің аумағына ұялы телефон, қуаттағыш құрал мен құлаққап салынған пакетті лақтырып, автокөлікпен қашып кеткен. 

УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері оларды ұстау үшін Атырау қаласының Полиция басқармасына жоғарыда аталған автокөлікке қатысты бағдар жіберді. Құқық бұзушылар бірнеше сағаттан кейін  ұсталды.

Түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған зат лақтырған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша  ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.⠀