$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Зардап шеккендердің ең кішісі - 16 жаста, ең үлкені - 65 жаста.

Жамбыл облысында бес адам зардап шеккен жол апатының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатының куәгері зардап шеккендермен бірге бір бағытта келе жатқан Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.

"Мен жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 150-200 метр қашықта келе жаттым. Бәрі көз алдымызда болды. Видеода Lada Granta жүргізушісі мені қалай басып озғанын көруге болады, мен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүрдім. Mitsubishi Pajero жүргізушісі де мен сияқты оң жақ бағытта келе жатты. Ол айналып өтейін деп кенеттен солға бұрылған болуы мүмкін, сол сәтте Granta көлігі дәл қасында болды. Қазір жүргізушілер тасжолдарда барлығы жоғары жылдамдықпен ұшып жүреді. Pajero жүргізушісі қайтадан оңға бұрылғысы келді, бірақ үлгере алмады", - дейді куәгер.

Оның айтуынша, осыдан дейін көліктер соқтығысып, біреуі қарсы жолаққа ұшып кеткен.

"Содан кейін мен бірден тоқтап, жедел жәрдем шақырдым. Өтіп бара жатқан басқа көліктер де тоқтады. Жолаушылар микроавтобусы тоқтады, онда 7-8 ер адам болды. Сосын біз барлығымыз зардап шеккендерге көмектесуге бардық. Артынша шамамен 10-15 минуттан кейін полиция келді", - дейді куәгер.

Еске салайық, жол апаты 24 қазанда күндізгі уақытта "Батыс Еуропа-Батыс Қытай "автожолының 215-шақырымында болған. Нәтижесінде Қордай ауданының орталық ауруханасына түрлі жарақаттармен бес адам жеткізілді. Зардап шеккендердің ең кішісі - 16 жаста, ең үлкені - 65 жаста.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары