Оқиғалар 01.10.2020 сағат 00:36

Үлгілі полицей әйеліне шындықты айтқан көңілдесін өлтіріп тастады

Ашуға булыққан ол көліктің артында отырғанда полицейдің ұялы телефонын алып, жұбайына "Мен сенің көзіңе шөп салып жүрмін" деп жазып жібереді.
Үлгілі полицей әйеліне шындықты айтқан көңілдесін өлтіріп тастады
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Англияда үлгілі полицей әйеліне махаббат хикаясын айтып берген көңілдесін өлтіріп тастады. Бұл қылмысы үшін тәртіп сақшысы он жарым жылға абақтыға қамалды.

41 жастағы Тимоти Бремер 10 жылдан аса уақыт медбике Клэр Пэрримен жасырын ара-қатынаста болған. Тәртіп сақшысының келіншегі де полиция детективі қызметін атқарған.

Бремердің туыстары мен достары оның әрдайым үлгілі полицей және мінсіз күйеу болғанын айтып отыр деп жазады nur.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Пэрридің күйеуі әйелі полицеймен көңілдес болып жүргенін біліп, ажырасып кетеді. Ал 2020 жылдың мамыр айында медбике Пэрри тәртіп сақшысының тағы бірнеше көңілдесі бар екенін біліп қалады. Ашуға булыққан ол көліктің артында отырғанда полицейдің ұялы телефонын алып, жұбайына "Мен сенің көзіңе шөп салып жүрмін" деп жазып жібереді.

Мұны көрген полицей ашынасын көлік ішінде қылқындырып өлтіреді. Оның мойны үш жерден сынып кеткен. Полицей сотта марқұммен арада ұрыс-керіс болғанын жеткізді.

Сөзінше, медбике оған айғайлаған, ал ол сабырға шақырып, көліктен түсірмек болған.

Артынша Бремер байқамай Пэрридің үстіне құлап кеткен, осылайша медбике тұншығып қалған. Полицей көңілдесінің халі нашар екенін байқамағанын, оны өлтіруге оқталмағанын айтып сендірді.

Солсберри корольдік сотының алқабилері Бремер көңілдесін байқаусызда өлтіріп қойды деген шешімге келіп, жаза мерзімін азайтты. Үкім қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Көпшілігі қылмыскер тиісті мерзімінен бұрын шартты түрде босатылады деп күдіктеніп отыр. Отырысқа қатысқан әріптестері оның бір бөлімде бірнеше көңілдесі болғанын атап өтті.

Қайтыс болған медбикенің артында күйеуі мен екі баласы қалды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар