$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда жеңіл көлік ағашқа соғылып екі адам ажал құшты

Оқиға кезінде жүргізуші мен жолаушы мерт болды.

Бүгін Теміртауда жеңіл көлік жүйткіп келіп ағашқа соғылды. Жүргізуші мен көлікте болған бір адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Фольксваген–Гольф» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі Сталеварова көшесінен Щорс көшесіне бұрылмақ болғанда ағашқа соғылған. 

«Оқиға кезінде жүргізуші мен жолаушы мерт болды. Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар белгіленді» делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары