$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында шенеуніктер майдангер ақынның зираты жатқан жерді жекеге өткізіп жіберген

Талғар ауданының әкімдігі 2012-2013 жылдары 8 соттық жерді көрнекті тұлғаның қабірімен қоса коммерциялық қызмет үшін жекеменшікке сатқан.
Фото: аzattyq-ruhy.kz.
Фото: аzattyq-ruhy.kz.

Андрей Андреев есімді Facebook желісінің қолданушысы 2012-2013 жылдары Талғар қаласының шенеуніктері Ұлы Отан соғысының ардергі, майдангер ақын Алханбек Малькеевтің қабірі орналасқан жерді жекеменшікке бергенін жазып, Алматы облысының әкімдігіне үндеу жасады, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz.

«Талғар қаласына кіреберісте оң жақта колледж және оның аумағында стелла тұр. Оның маңында екі-үш дюймдік жаяу әскер зеңбірегі тұр. Сол аумақтағы қураған ағаштардың арасында ҰОС ардагері, ақын, композитор Алханбек Малькеевке орнатылған ескерткішті байқайсыз. Белгілі болғандай, Талғар ауданының әкімдігі 2012-2013 жылдары 8 соттық жерді көрнекті тұлғаның қабірімен қоса коммерциялық қызмет үшін жекеменшікке сатқан», – деп жазды ол.
Бұл жағдайға байланысты Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел жауап берді. Оның айтуынша, аталмыш учаске 2006 жылы Талғар ауданы әкімінің қаулысымен жекеменшікке берілген. 2012 жылы ол жер мұрагерлік куәлігімен Г. Садықова есімді азаматқа өткен. Осы жылдың (2020 ж.) тамыз-қаңтар айларында Г. Садықовамен жерді мемлекетке қайтару туралы түсіндірме жұмыс жүргізілген. Қазір тиісті құжаттар жинастырылып жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары