Оқиғалар 16.11.2020 сағат 13:00

Туа салысымен тірідей көмілген нәресте аман қалды (ФОТО, ВИДЕО)

Оқиға куәгерлері нәрестенің бет жүзі топырақтың арасынан көрініп жатқанын байқай салысымен, оны қазып алып шыққан.
Туа салысымен тірідей көмілген нәресте аман қалды (ФОТО, ВИДЕО)
Фото: thesun.co.uk
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Үндістанда туа салысымен жерге тірідей көмілген нәресте құтқарылды деп жазады kaz.nur.kz The Sun басылымына сілтеме жасап.

Үндістандағы Уттаранчал штатының Кхатиме елдімекеніндегі фермалардың бірінде жантүршігерлік оқиға болды. Жаңа туған нәресте жерге көмілген күйі табылған.

Оқиға орнында түсірілген видеодан ауыл тұрғындары жерге жартылай көміліп, қимылсыз жатқан сәбиді көргенде есеңгіреп, оны дереу құтқаруға кіріскенін байқауға болды. Баланы кім тірідей көміп кеткені белгісіз.

Оқиға куәгерлері нәрестенің бет жүзі топырақтың арасынан көрініп жатқанын байқай салысымен, оны қазып алып шыққан. Қимылсыз жатқан нәресте дереу емханаға жеткізілген. Абырой болғанда нәресте ғажайыптың күшімен тірі қалған. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтуда.

Айта кетерлігі, Үндістанда мұндай жағдайлар жиі кездеседі. 2019 жылдың қазан айында жаңа туған кішкентай қыз жерге көмілген күйінде табылған. Кейін мұндай қорқынышты қадамға ата-анасы ұл қалағандықтан барған деген болжам жасалынған.

Видеоны көру үшін сілтеме: blob:https://www.thesun.co.uk/223b25a4-e2ed-4765-9aca-1e1726eb73f3

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар