$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

Алдын ала ақпарат бойынша 90 адам, оның 30 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. 57 адам, оның 25 бала құтқарылды.

2020 жылғы 16 желтоқсан күні сағат 16:18-де 101 пультіне Ақтөбе қаласы, Батыс-2 ауданында №15 көпқабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Baq.kz.

"Қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы дереу оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына жеткенде тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққандығы анықталды, аумағы 50 шаршы метр құрайды", – делінген Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алдын ала ақпарат бойынша 90 адам, оның 30 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. 57 адам, оның 25 бала құтқарылды.

"Газбен уланғандардың бірі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, енді бірі жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Өрт 16.53-те толық сөндірілді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Ақтөбе облысы ТЖД тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Өрт шыққан жағдайда 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!", – дейді өрт сөндірушілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Ақтөбе