25.12.2020, 10:00

Қазақ спортшысы қырғызстандық қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

фото: : WEF
Жарыс Алматыда өтті.

Ең жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Ерасыл Шұқатаев (4-1) Алматыда өткен Alash Pride 37 турнирінде жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы қазақ спортшының қарсыласы 24 жастағы қырғызстандық Темірлан Жұмабекұлы (5-5) болды. Ерасыл қарсыласына соққылар сериясын басынан жасаған хайкикпен аяқтап, қырғызстандық спортшыны ауыр нокаутқа түсірді. 

Бұл Ерасылдың қатарынан төртінші жеңісі (Sherdog тұжырымынша). Ал Жұмабеклы қатарынан екінші рет жеңілді.