$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік полицейлер бұзақылардан оңбай таяқ жеді

Қазір күдікті деген үш азамат қамауға алынды. Оларға қатысты екі бірдей баппен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Аулалардың бірінде топырлап тұрғандарға ескерту жасаған шымкенттік тәртіп сақшылары таяқ жеп қалды. Оларды жігіттер жабылып сабап тастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап. 

Полицейлердің айтуынша бұзақылар тәртіп сақшыларын баспен де, таспен де төмпештепті. Яғни топтасып тұрған алты жігітке екі бірдей учаскелік полиция қызметкері жақындайды. 

Көшеде ішіп-шекпеу туралы ескерту жасаған кезде бұзақылар тәртіп сақшыларын  балағаттап жұдырық ала жүгірген. Тіпті біреуі ұстап, қалғандары аямай ұрыпты. Алайда дереу көмекке келген бірнеше полиция экипажы таяқ жеген әріптестерін арашалап, бұзақылардың қолына кісен салды. Ал оңбай таяқ жеген тәртіп сақшыларына жедел жәрдем фельдшерлері көмек көрсеткен. Қазір күдікті деген үш азамат қамауға алынды. Оларға қатысты екі бірдей баппен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары