$ 447.4  477.55  4.76

КамАЗ жеңіл автокөліктің быт-шытын шығарды

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыда жанар-жағармай цистернасы мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Белгілі болғандай, КамАЗ маркалы жанар-жағармай таситын көлік Папанин көшесі бойымен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан. оңтүстікке қарай. Ярославская көшесінің қилысына келгенде батыс бағыттан келе жатқан Daewoo Nexia көлігі атып шығады, ал жол ережесі бойынша ол мұндай жағдайда ауыр жүк көлігіне ажол беруі тиіс болған.

Салдарынан КамАЗ жеңіл автокөлікті оңдырмай соқты. Алған соққыдан жеңіл көлік жолың шетіне ұшып кетті. Қайта жолдың жиегінде жаяу жүргіншілер болмаған. Көліктің бір жағы майысып, ішіне кіріп кетті.

Апат салдарынан Daewoo жүргізушісі жарақат алды. Оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары