$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте екі ер адам қыз зорламақ болған

Оқиға 13 ақпанда болған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Шымкентте екі ер адам қыз зорламақ болған. Алайда еңбек демалысында жүрген Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің әскери қызметкері қыздың өмірін арашалап қалды деп хабарлайды Ұлттық ұланның Facebook парақшасы. 

Оқиға 13 ақпанда болған. Жібек Жолы көшесінде сағат 00:40-та үйіне қайтып бара жатқан қатардағы жауынгер Артем Калашников көмек сұрап, айқайлап жатқан қыздың дауысын естіген. 

Әскери қызметкер ұзақ ойланбастан дауыс шыққан жаққа қарай жүгірген. Оқиға орнына келген ол қызды зорламақ болған екі ер адамға тап болыпты. Артем ер адамдардың бірін оңай жығып, екіншісімен төбелесе бастаған. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданған әскери күдіктілердің бірін ұстап қалған. 

Ал екіншісі қашып үлгерген. Осыдан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері шақыртылып, ұсталып қалған ер адам Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. 

"Қыздың даусын естігеннен кейін бірден сол жаққа бардым. Менің орнымда болған кез келген адам дәл осылай жасайтын еді деп ойлаймын", - дейді Артем Калашников. Күдіктілерді ұстау кезінде Ұлттық ұлан қызметкері байқаусызда өзінің де қолын жарақаттап алған. 

Дегенмен ол ер адамды полицейлер келгенше ұстап тұрған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары