$ 494.87  520.65  4.91

Видеоқоңырау арқылы жыныс мүшесін көрсеткен БҚО тұрғыны қамалды

Оның 25 жастағы азамат екендігі анықталды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ер адам бейтаныс адамның телефонынан қалаған нөміріне видео арқылы қоңырау шалып, жыныс мүшелерін көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz Атырау қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау тұрғыны мессенджер арқылы видеоқоңырау шалып, ерсі әрекет жасаған адамға шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз ер адам оған мас күйінде қоңырау шалып, интимдік бейнелер көрсеткен.

Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, бұл әрекетке барған адамды анықтады. Бұл Атырауда жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ол сол түні мас күйінде ұйықтап жатқан әріптесінің телефонын сұрамай алып, осы абоненттермен жеке таныс болмаса да, басқа біреудің телеофонындағы нөмірлерге қоңырау шалған. 

"Ұсталған азамат өзінің әрекетін алкогольдік мас күйінде болуымен түсіндіріп, жасаған ісін мойындады", - деді Атырау қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бигамбаев.

Оның айтуынша, сот шешімімен ұсталған азамат ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес, жеті күн мерзімге әкімшілік қамауға алумен жазаланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары