Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер сиырды салынып жатқан үй төбесіне құрылыс кранымен көтерді. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Нәжімеденов көшесінде болған. Кадрға қарағанда, сиыр тірі. Белгісіз біреулер жануардың аяғын төбеге қаратып, салынып жатқан үйдің жоғарғы жағына кранмен көтерді.
"Бұл дерек тексеріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін құқықтық баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапқа тартылады", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер де жағдайдың мән-жайы тексерілетінін айтты.