$ 444.22  476.38  4.82

Бейтаныс әйелді пышақтап өлтірген ақтөбелік мәжбүрлі түрде емделеді

Ол еденде ұйықтап жатқан жәбірленушіні көріп, денесінің әр жеріне пышақ сұғып, жарақаттады.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Қ.Т.Алмашевқа қатысты іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 Іс материалына сүйенсек, сотталушы Қ.Т.Алмашев 2020 жылдың 2 қыркүйегі күні сағат 22:30-да Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің біріне заңсыз кіреді. Ол еденде ұйықтап жатқан жәбірленушіні көріп, денесінің әр жеріне пышақ сұғып, жарақаттады. Салдарынан жәбірленуші ауруханаға барар жолда көп қан жоғалтып, көз жұмған. 

«Сот қаулысымен Қ.Т.Алмашевтың ақыл-есі дұрыс емес, қылмысты да сондықтан жасаған деп танылды. Сот Қылмыстық кодекстің 95-бабының 4-бөлігі негізінде Қ.Т.Алмашевқа мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасын қолданды. Қ.Т.Алмашевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 

Сот қаулысының орындалуы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына жүктелді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары