25.03.2021, 16:40

Жер комиссиясының отырысына келген шенеуніктер ұйықтап отырған ба?

Артынша видеодан көзі жұмулы адамды жанындағылар түрткені, ол басын шайқағаны, артынша қолын көтеріп, керілгені көрінеді.

Елордада өтіп жатқан жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында жиынға қатысушы шенеуніктердің бірі көзін жұмып отырғаны видеоға түсіп қалды, деп жазады qamshy.kz.

Кадрдан Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев сөз алғанда оның артында отырған адамның көзі жұмулы отырғанын, ара-арасында ғана көзі ашылып, кейін қайта жұмылып кете беретінін көруге болады.

Артынша видеодан көзі жұмулы адамды жанындағылар түрткені, ол басын шайқағаны, артынша қолын көтеріп, керілгені көрінеді.

Әзірге шенеуніктің аты-жөні, жиында қалғып-мүлгіп отырды ма, әлде тыңдағанда көзін жұмып отыратын әдеті бар ма, ол жағы белгісіз.

Тағы оқи отырыңыз: «Олай жасамаймын»: жиналыс кезінде «ұйықтап қалған» Владислав Косарев жауап беруге дайын

«Жаман шенеунік»: Мәжіліс төрағасы «таңнан кешке дейін ұйықтайтын» шенеуніктердің жайбасарлығын бетіне басты

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Трагедиялық көрініс»: депутаттардың бірі «Әкім» фильмін «жарнамаласа», екіншісі қасында ұйықтап отыр деген тақырыпта ақпарат жариялағанбыз. 

Шенеуніктер жер комиссиясының отырсына ұйқысын қандыру үшін келген бе?

Шенеуніктің көзі жұмылып отырған сәтті видеоның 27 минутынан бастап көруге болады.

Қазақстанда жиынға қатысып отырған шенеуніктердің көзі жұмылып кететін жағдайлар бұған дейін де кездескен еді.