$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте журналистер митингке шықты

«Бізді, журналистерді қорғауға арналған арнайы заң бар, алайда ол жұмыс істемейді. ҚР Қылмыстык кодексің 158 бабы бойынша, құқық бұзушылықты көріп тұрып, оны қолдануға ұмтылып көрдік. Кешегі (Алтынтөбедегі – ред.) кеттлинг процессін түсірдік. Бахром Тәлібжановтың жағдайы тағы қайталанды» – деді halyqnews инстаграм парақшасында тараған видеодағы журналист.
фото: halyqnews инстаграм парақшасы
фото: halyqnews инстаграм парақшасы

Шымкенттік бір топ журналист қолдарына плакат ұстап, қалалық полиция департаментінің алдына жиналды. Журналистердің рұқсат етілмеген наразылық акциясын тоқтатып, полиция олардың назын департамент мекемесінің ішінде тыңдаған деп жазды malim.kz.

«Бізді, журналистерді қорғауға арналған арнайы заң бар, алайда ол жұмыс істемейді. ҚР Қылмыстык кодексің 158 бабы бойынша, құқық бұзушылықты көріп тұрып, оны қолдануға ұмтылып көрдік. Кешегі (Алтынтөбедегі – ред.) кеттлинг процессін түсірдік. Бахром Тәлібжановтың жағдайы тағы қайталанды» – деді halyqnews инстаграм парақшасында тараған видеодағы журналист.

КТК телеарнасының тілшісі Бек Әбиев те 4 сәуірде полиция қызметкерлері журналистерге Алтынтөбедегі наразылық шарасынан хабар таратуға кедергі келтіргенін айтып шағымданды.

«Осыдан бір ай бұрын әріптесім Бахром Тәлібжановты полиция қызметкерлері ұрып-соққанын білесіздер. Ол шағымданды, бір ай ішінде тергеу нәтижесі шықпақ тұрмақ, енді қазір полиция емес, көшеде жүрген бір адам ұрып-соққан болар деген болжам айтып жатыр. Бұл – цирк, меніңше. Кеше бәріміз бір түсірілімге бардық. Қолымызда микрофонымыз бар, журналист екенімізді көріп тұр.  Соған қарамастан, Абдуллаев – әріптесімнің қолын қанатып, қолындағы қолшатырын жұлып алды. Журналист Диляра Исаның телефонын тартып алмақ болды» – деді КТК арнасының тілшісі.

H-news.kz ақпараттық порталының журналисі Сапарғали Қанаттың сөзінше, полиция басқармасы журналистерге қысым көрсеткен екі полиция келіп, журналистерден кешірім сұрайды деп уәде берген.
«Полиция басқармасы журналистерді ұрған екі полицейді шақырып, кешірім сұратуы мүмкін. Солай деп уәде бергендей болды. Әзірге журналистер соны күтіп отыр» – деді Сапарғали Қанат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары