$ 443.85  474.3  4.8

«Пышақ кезеніп, шешіндіре бастаған»: Петропавлда қызға шабуылдаған қасқөй ұсталды

Шуды естіген көршісі қызды құтқарып қалған.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Петропавлда көп қабатты тұрғын үйдің бірінде пышақпен қызға шабуылдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаскөй қыздың пәтер есігін ашқанын күтіп тұрып, оның тамағына пышақ кезеніп, шешіндіре бастаған. Ол қарсылық көрсетіп, айқайлағанда шуды естіген көршісі қызды құтқарып қалған. 

"18 сағат 15 минут шамасында Петропавл полиция басқармасының қызметкерлері 5 сәуір күні Жамбыл көшесіндегі үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасаған күдікті - бұрын сотты болған 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды", - делінген қалалық полиция басқармасының хабарламасында. 

Қазір күдікті қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Ведомство оған қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Бір айта кетерлігі, әлеуметтік желіде дәл осы күдікті қаланың басқа ауданында да қызға шабуыл жасағанын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шабуыл #пышақ