$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды

Оқиға Абай ауданының аумағындағы жалдамалы пәтерде болған.

Шымкентте Республика даңғылы бойындағы көпқабатты үйдің жалдамалы пәтерінде мәйіті табылған бойжеткен ісіне қатысты полиция пікір білдірді. 23 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Оқиға Абай ауданының аумағындағы жалдамалы пәтерде болған.

"Аталған факт қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді. Жүргізілген жедел іс-шара нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны. 1990 жылы дүниеге келген әйел. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", — деді Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.

Жалдамалы пәтерден бойжеткеннің мәйіті табылғаны туралы бұған дейін Express Qazaqstan хабарлады. Жас қыз пәтерді үш күнге жалға алған. Пәтер иесі үйіне келгенде бірнеше пышақ жарақатын алған мәйітті көрген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары