$ 444.22  476.38  4.82

Атырау облысында жол апатынан 11 ардам зардап шекті

Жол апаты Мақат ауданы Доссор-Құлсары тас жолында, Доссор ауылынан 18 шақырым жерде болған.

Жол-көлік оқиғасы Доссор-Құлсары тас жолында болған. Салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінде екі көліктің соқтығысқаны жайлы хабардың 18 желтоқсан 18:30-да келіп түскенін айтты. 

Жарияланған суреттен "Фольксваген Шаран" мен Ravon соқтығысқанын көруге болады.

Жол апаты Мақат ауданы Доссор-Құлсары тас жолында, Доссор ауылынан 18 шақырым жерде болған. 

"Оқиға орнына келгенде көліктің өртенбегенін көрдік. Мединицаналық-құтқару пунктының қызметкерлері Доссор ауылы ауруханасына 11 зардап шеккен азаматты жеткізді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Жол-апаты болған жерде Атырау облысы Төтенше жағдай қызметінің екі арнайы техникасы және алты қызметкер жұмыс істеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#апат #жол