Оқиғалар 22.12.2021 сағат 01:27

Министр Өскеменде зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді

Сынама қорытындысы бойынша хлордың мөлшері бекітілген норма шегінен асқаны асқаны белгілі болды. Келіп түскен арыз бойынша жоспардан тыс тексеру басталды.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өскемендегі зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері Өскемен қаласынан тараған видео туралы сауал қойды. Видеодан қаладағы титан-магний кәсіпорнының аумағында қызғылт түтін пайда болғанын көруге болады. Министр сауалдарға Өскеменнен шұғыл келіп түскен мәлімет бойынша жауап берді.

«Бүгін сағат 12.00-де экология департаментіне әлеуметтік желі арқылы «ТМК» АҚ аумағында ықтимал апат туралы мәлімет келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін экология департаменті сағат 12.15-те құрал-жабдықтармен сынама алу үшін санитарлық аймаққа барып, ауа құрамындағы зиянды заттардың бар-жоғын тексерді. Сынама қорытындысы бойынша хлордың мөлшері бекітілген норма шегінен асқаны асқаны белгілі болды. Келіп түскен арыз бойынша жоспардан тыс тексеру басталды. Оның қорытындысы қосымша хабарланады», - деді Серікқали Брекешев.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар