$ 443.35  475.54  4.82

«20 жылда 200 млн теңге ұтылдым»: бейнеулік жігіт букмекерлік кеңсені өртеп жіберді

Ол өзінің бұл әрекетін видеоға түсіріп алған.

20 жылдан бері құмар ойынға салынған бейнеулік жігіт қаладағы букмекерлік кеңсені өртеп жіберді. Ер адам өз әрекетін видеоға түсіріп, жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Мен Сүлейменов Әсет Игілікұлы, 1985 жылы дүниеге келдім. Осы ойынды ойнап келе жатқаныма 20 жылдан көп уакыт болды. Бұл азарт ауру ма білмеймін. Осы уақытқа дейін сол жылдарда 200 000 000 теңгедей ұтылдым деп айтуға болады. Құмар ойын менің түбіме жетті. Алла берген 4 баламды,  әке-шешемді, аға-іні бауырларымды, әпке-қарындастарымды жерге қараттым. Екінің бірін алдап ақшасын алып, құмар ойынға салу үшін барлық құйтырқы әрекеттерге бардым», - дейді ол.

Құмар ойындардың кесірінен жақындарының сенімі мен тапқан табысынан айырылған тұрғын барлық жауапкершілікті ала отырып, басқалар өзі сияқты қателеспегенін жеткізіп, букмекерлік кеңсені өртеп жібереді.

Маңғыстау полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ұсталған.

«Аталған факті бүгін, 3 ақпан күні болды. Ер адам ұсталды және полиция бөлімшесінде», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары