Ақтөбе облысында екі күн бұрын полигоннан табылған жаңа туған нәрестенің анасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 қазанда Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы маңындағы Рождество – Донское тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған баланың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 1995 жылғы әйелді анықтады. Айтуынша, ол өлі баланы үйінде босанып, қорқып, қоқыс жәшігіне апарып тастаған, – деді Ақтөбе облысының полиция департаментіндегілер.
Қазір бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен ( "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.