23.12.2022, 23:30

Павлодарда екі бүлдіршін үшінші қабаттан құлап кетті

Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

2 және 4 жасар балалар үшінші қабаттан құлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы мәлімдеді.

Екі бала да облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.  

Оқыс оқиға туралы қоңырау Қалқаман кентінен сағат 12:48-де түскен. Жедел жәрдем бригадасы 6 минутта жетті.