$ 439.43  473.31  4.82

Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі күйінде табылды

Баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.

Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қайғылы жаңалықпен Zello help еріктілер тобы бөліскен. 

"Осымен бітті. Кішкентай баланы іздеуге көмектескен барша жанға алғыс айтамыз. #ZELLOPOISK командасы баланың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 29 желтоқсанда 4 жасар Данил Ахунов таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені хабарланған болатын. "Диапазон" мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары