$ 443.72  482.28  4.9

Теміртауда төрт адамды көлік қағып кетті

Оқиға болған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. ВАЗ 2114 автокөлігі бағдаршамда жасыл түс жанғаннан кейін өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кеткен.

Теміртауда жаңа жыл түні төрт адамды көлік қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға болған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. ВАЗ 2114 автокөлігі бағдаршамда жасыл түс жанғаннан кейін өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кеткен. Видеодан екі ересек адам және екі балаа зардап шеккенін көруге болады. Сонымен қатар, видеодан көлік адамдарды қаққаннан кейін жүргізуші мен басқа куәгерлер де көмекке жүгіре бастағанын көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары