Қазгидромет синоптиктері күн райының жылынуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 6-8 қаңтар аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.
Осыған байланысты осы аймақтардың таулы аудандарында беткейден еріген қар суы ағады және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.