Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Еңбекші ауданындағы К.Цеткин көшесінде орналасқан жеке үйдің жанында болған.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер «ВАЗ-2107» және «Опель-Астра» автокөлігінің салоны мен «КТП-270» трансформаторының толығымен жанып кеткенін анықтады.
«Өрт сағат 05:10-да оқшауланып, сағат 05:15-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды», -делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.