$ 498.34  519.72  4.85

«Әйел үшін өте ауыр»: Жазира Байырбекова отбасындағы сатқындықты әзілге айналдыруға қарсы шықты

Күйеуінің үйге қонбағанын, көңілдесімен болғанын біліп қойғанын, әйелінен бірнәрсе жасырғанын әзілкештер қалжың ретінде көрсетіп, дастархан үстінде күліп әңгімелеп отырамыз.
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова отбасындағы ер адамның сатқындығы жайлы тақырыпты қозғап, бұл жағдайдың әйел қауымына қаншалықты ауыр әсер ететінін айтты. Өнер иесі бұл тақырыпты әзілге айналдырудың да дұрыс еместігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты. "Күйеуінің үйге қонбағанын, көңілдесімен болғанын біліп қойғанын, әйелінен бірнәрсе жасырғанын әзілкештер қалжың ретінде көрсетіп, дастархан үстінде күліп әңгімелеп отырамыз. Шындығында, бұл - әйел үшін өте ауыр. Жүректің түбінде қалып қоятын, ерлі-зайыптының арасын суытатын, махаббатты сөндіретін сатқындық қой. Ол комедия емес, трагедия. Алла алдында үлкен күнә. Ұрпағымыздың отбасын ойыншыққа айналдырмай, салмақты қарауға тәрбиелеуіміз керек", - деді Жазира Байырбекова.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасымен толықтай келісетінін айтып, пікір қалдырды.

"Дұрыс айтасыз", "Сізбен толықтай келісем", "Кейде шешім қабылдап, өз қадіріңді білген дұрыс", "Өте орынды", "Жүз пайыз келісемін", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары