$ 498.34  519.72  4.85

«Абырой деген кетті»: танымал әнші қызбен танысу кезінде Айгүл Иманбаева өзін қалай ұялтқанын айтты

Қырыққа келсең де, "Айгөлек" болып жүре беретін сияқтымын.
Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасы
Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Танымал жас әнші, "Көзің әдемі" хит әнінің орындаушысы Еркеш Хасен Қызық Times бағдарламасында қонақ болып, өзінің қызбен танысуына Айгүл Иманбаеваның кедергі болғанын баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, Еркеш көпшілікке "Айгөлек" бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған еді.

"Қырыққа келсең де, "Айгөлек" болып жүре беретін сияқтымын. Баяғыда студенттер сарайында концерт өтіп, бір биші қызбен танысайын дедім. Өзім де студентпін. Репетиция кезінде сол қыз ұнап жүрген. Өзімше жігіт болып, коридорда сөйлесіп қайтқым келді. Қолыма сыйлыққа шоколад ұстап алғам. Ол қыз да жақсылап әңгімеге кірісіп, әңгіме қызып келе жатыр еді. Академияда, эстрадный вокалда оқитынымды айтып жатырмын.

Бір кезде қапталдан Айгүл Иманбаева апайым кіреді. Ол кісі мені "Айгөлек" кезінен біледі ғой. Мені көрді де: "Окасөнә папасө" деп еркелете жөнелді. Ана жерде абырой деген кетті. Күліп тұрған қыз бұрылды да, кетіп қалды. Содан кейін ол қыз мені академияда көрсе: "пацан" дегендей көзқараспен қасымнан өтіп кетеді. Қазір оның атын да білмеймін", - деп еске алды әнші.

Еске салайық, бұған дейін Еркеш Хасен жеті айлығында анасынан айырылғанын айтып, көз жасына ерік берген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары