Бокстан Олимпиада чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмнің алғашқы ресми тизері жарық көрді, деп хабарлайды «Қазақпарат»
Картинада басты кейіпкерді Асылхан Төлепов сомдайды.
Жобаға 60 актер тартылған. Жоба режиссері Ермек Шахметтің әлеуметтік желідегі парақшасында жуық арада тағы бір тизер және толыққанды ресми трейлер шығатынын жазды. Ал байопиктің премьерасы биыл күзге жоспарланған.
«Бекзат» фильміне сондай-ақ Аян Өтепберген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа сынды актерлер түскен, деп хабарлайды kinostan.kz.
Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы 20 жасында 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жасындай жарқ етіп, чемпион атанған болатын. Сол жылы, 31 желтоқсанда аса дарынды спортшы жол апатынан қаза тапты.