$ 443.44  480.51  4.88

Мұрат Мұтырғанов әйелімен ажырасуға дейін барған күндерін еске алды

Біз алғаш үйленген жылдары ашуымды әйелімнен алатынмын.
Фото: "Осколки" бағдарламасы
Фото: "Осколки" бағдарламасы

Танымал сиқыршы Мұрат Мұтырғанов әйелін ажырасуға дейін жеткізген сәтін баяндап берді. "Осколки" подкастында өнер иесі жұбайының өтінішімен үйден кетіп қалған кезін еске алды, деп жазады Skifnews.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Біз алғаш үйленген жылдары ашуымды әйелімнен алатынмын. Ұлым 2-3 жасар кезінде әйелімнің шыдамы бітті. Ол "Екеуіміз ажырасамыз" деп, менен үйден кетуімді сұрады. Біз демалыс орнына барғанбыз. Сол жерде әйелім менің кітабымды жерге түсіріп алды. Мен "Әдейі істедің бе?" деймін. "Жоқ, мен заттарды шығарып жатырмын" дейді. Қазір есіме түссе, оны не үшін істегенімді білмеймін. Сол жерде 1,5-2 сағат бойы "Мен кітап оқымасын деп әдейі істедің" деп айыптап, сандырақтаймын. Ол мені сабырға шақыруға тырысады. Соңында бәрінен шаршап, көлікке отырып, кетіп қалды, - деді Мұрат Мұтырғанов.

Сиқыршының айтуынша, ол кешірек әйелінің соңынан барған.

"Менің қайын атам керемет адам. Ол біздің ұрысымызға араласқан емес. "Қызым өзі өтінбейінше, араласпаймын" дейтін. Сол күні әйелім әкесіне хабарласқан. Мен үйге келемін. Қайын атам "Қызым хабарласты. Мен келдім. Міне, сөмкең. Мынау таксиге" деп ақша ұсынды. Мен заттарымды алып, достарыма кетемін.

Алғашқы күндері өміріме риза болғаныммен, бір аптадан кейін ойлана бастадым. Баламды аптасына немесе айына бір рет көретінімді, кейінірек мүмкін басқа әкесі пайда болатынын ойландым. Сөйтіп әйеліме хабарласып, "Кездесейікші. Мен бәрін түсіндім. Маған соңғы мүмкіндік берші" дедім. Әйелім "Жоқ, адамдар өзгермейді" деді.

Құдайға шүкір, қазір бес жыл өтті. Бәрі жақсы. Бірақ сол уақытта мен әйелімді жоғалтып ала жаздадым. Бірақ сол кездегі әрекетіме өкінемін. Осының бәрін түсінгеніме қуанамын", - деді ағынан жарылған Мұрат Мұтырғанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары