2006 жылы құрылып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген RinGo тобының жігіттері сахнадан неге көрінбей кеткені белгілі болды, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Біз халықпен қоштасқан емеспіз. 2019 жылы Батыр (Байназаров - автор) топпен, халықпен қоштасты. 2020 жылы карантин басталып кетті. Бірақ біз, RinGo тобы халықпен қоштаспадық. Халықтан ұсыныс түссе, біз барамыз. Он бес жылдан бері бірге топта болғасын Батырдың кеткені жеңіл болмады. Батырмен араласып тұрамыз. Бірақ оның таңдауына шек қоя алмаймыз. Ал біз өнер жолымызды жалғастырып келе жатырмыз, - деді топ мүшесі Данияр Өтеген.