$ 447.4  477.55  4.76

Димашты саяси конъюнктурадан аулақ ұстайықшы - Болат Атабаев

Танымал театр режиссері Болат Атабаев Димаш Құдайбергенді саясатқа араластырмауды сұрап отыр. Осы ретте айта кету керек, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі, оның ішінде елге танымал азаматтар да Димаштың Қытайды «бағындыруын» қазақ-қытай билігінің алдын ала әзірлеген жоспары дегенді айтып қалған болатын.

Атабаевтың айтуынша, елдегі әншілер бас қосып, Димаштың асқақтап кеткен абыройын сөз еткен көрінеді. Тіпті, «бесіктен белі шықпай жатып, халықтың сүйкімдісіне айналатындай қандай еңбегі сіңіпті» дейтіндер де болған екен.

«Біздің, итеңдеп, отыз жыл жүріп өткен жолымызды Димаш бір-екі жылда зуылдатып жүгіріп шықты! "Штучный" өнер! Анандай дауыс мүмкіншілігімен, сахналық сымбатымен оны енді өз деңгейімізге түсіре алмаймыз! Биіктесін! Бес жыл болмаппын елде. Димашты естіген емеспін. Осыдан бір ай бұрып естідім ... шалқамнан түстім! Есімді жиып, отырып тыңдайтын жағдайға жеттім. Причем тут оның жастығы?! Рас, барлық әндері бірдей емес. Рок ән айту оңай емес. Өзі де түсініп отыр. Соңғы естігенім "Дайдидау". Әндері бір-біріне ұқсамаса екен. Ол үшін музыкалық тексті әрлеу жолдары әр түрлі болса екен. Эмоция деген жақсы, бірақ жоғарғы тесситурада "истерикаға" кетіп қалад.

Оның жасында мен не бітірдім? Сендер не бітірдіңдер?! Мәселе жаста емес! Мәселе өнердің биігінде! Бір ғана өтініш, Димашты саяси конъюнктурадан аулақ ұстайықшы. Қасындағы өмір тәжірибесі бар адамдар, сақ болыңыздаршы!», - деп жазды режиссер өзінің Facebook-парақшасында.

Естеріңізге салайық, қазақтың жас талантты әншісі Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» халықаралық ән байқауына қатысып жатыр. 14 кезеңнің 8 кезеңін артта қалдырған қатысушылар арасында Димаштың көш бастап тұрғанын айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары