Болат Назарбаев әнші Бүркіттің әйелі Аишаны алып қашқаны рас па? Әртістің өзі ел ішінде тараған әңгімеге қатысты "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бар шындықты айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz Massaget сайтына сілтеме жасап.
Ол кісі тойларға шақыратын. Біз барамыз. Әнімізді айтамыз. Дастарханына отырғызады. Ол кісіден ешқашан ондай сөз, әрекет дегенді естіген емеспін. "Алып қашты" дегенді талай естігем. Талай жазды ғой бізге. Жаза береді, жаза береді біреулер. Содан кейін Бүркіт барып, атысып, қырылысып, зорға дегенде екі-үш күннен кейін қайтарып алды дейді. Сөзім жоқ. Өсек шығарған адамды табу керек еді негізі. Егер ондай болса, осы уақытқа дейін еститін еді ғой. Жанымызда жүр ғой, Мақпал әпкеміз бар, Жүнісова. Тағы көп әнші бар, ұйымдастырушылар бар. Еститін еді ғой біреуі, көретін еді. Біз әрқашан да баратынбыз. Ол кісінің керісінше ондайы жоқ, сабырлы. "Қалай балам, жақсы ма бәрі?" дейді. Өзінің дастарханына отырғызып қояды. Талай тойына бардық қой. Ақшасын береді, төлейді. "Болды, жақсы, рақмет" деп қайтамыз", - деді ол.
Бүркіт тіпті Болат Назарбаевтан ұялып жүргенін айтты.
Мен тіпті ол кісіден ұялып жүрмін. Өйткені ол кісіге де жеткен шығар бұл өсектің бәрі. Әдейі жасап жатқан сияқты. Бұл - өтірік, өсектің нағыз өсегі. Аиша да "елдің бәрі әбден сенетін болды-ау, қанша жыл болды" дейді. Жарайды енді, не істейміз енді? Мен бұл туралы ешқашан сұхбат берген жоқпын. Бір-ақ рет Instagram-да айтқанмын, "Осындайларыңды қойыңдар, өтірік-өсектерге сене бермеңдер" деп айтқанмын", - деді ол.