Бүркіт әйелі Аишаның дауысына қатысты ел сынына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әнші "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында пікір білдірді.
Оқи отырыңыз: «Аишаны Болат Назарбаев алып кеткен»: Әнші Бүркіт бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)
Бір жағынан енді шындық қой. Ол кісі әнші емес қой. Ол - биші. Үйленбей тұрып, мен ұсыныс жасағанымда "Жазып көрейік" дедім. 2009-2010 жылдар, бәрі дамыған кез. Ол енді мені жақын тартуы үшін, "жүрегіне жақын тартсын" деген алдауым болды. Бір әнді жазып, бейнебаян түсірдік. Биімен жақсы кетті. Өте жақсы билейді. Халық қабылдай бастады. Халық күтпеген жерден қабылдайды ғой. "Жарайды, тағы бір өлең жазып көрейік" дедім. Үйленіп алдық. Содан кейін тағы бір ән жаздық. Солай дауысы шыға бастады. Менде де асып жатқан дауыс жоқ. Қоңыр дауысым бар, - дейді Бүркіт.