$ 443.35  475.54  4.82

«Ол үшін ұялмаймын»: Нұрлан Еспанов болашақ келінін өзі іздейтінін айтты

Содан соң басқа ұлттың қызы болды. Жалғыз түйір ұлым.

Фото: espanov_olzhas инстаграм парақшасынан
Фото: espanov_olzhas инстаграм парақшасынан

Танымал әнші Нұрлан Еспанов алғаш рет отбасылық құпиясын бөлісті. Жалғыз ұлының үйленентін жасқа жеткенін айтып, болашақ келінді өзі таңдап беретін де жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші “Жұлдызды weekend” бағдарламасында айтты.

Сондай-ақ, ол ұлы Олжастың көңілі өзге ұлт өкілінің қызына түскенін де жасырмады. Алайда жұлдызды әке қарсы болған. 

Ұлымның үйленуіне қарсы болғаным рас. Біріншіден, ол кезде жас еді. Отбасын қамтамасыз ете алмайтын еді. Содан соң басқа ұлттың қызы болды. Жалғыз түйір ұлым. Ұрсып та айтқан жоқпын. "Қалай болар екен? Басқа ұлттың қызын алсаң түсінісу қиын болады дедім. Ол жақтың салт-дәстүрін білмейміз. Қалай қыламыз?" деп едім. Олжас маған ешқандай жауап қайтарған жоқ. Содан бір тоқтатқаным бар. Одан кейін шешесі біледі. Мінезі анасына тартқан, көп ашылып сөйлемейді, – дейді әнші.

Алайда әнші келін түсіретін күннің алыс емес екенін айтты. 

Жалғыз ұлым болғасын тойын қалай өткізсем де жарасады. Қазірден бастап қалыңмалын дайындап қойдым. Ұлыма “менің шығармашылық кешіме дейін келін әкелмесең, өзім іздеймін және ол тірлігіме ұялмаймын. Әмина апам сияқты өзім таңдап берген қызға үйленесің. Мен саған керемет қыз тауып беремін. Оған күмәнің болмасын” деп айтқан едім. Ұлым үндемеді. Шешесіне бір қызды ұнатып жүргенін айтыпты. Мен білмеймін. Бірақ қалыңмалына ақша дайындап қойдым. Ел қатарлы беріп жатқан 3 миллион теңге береміз. Той мен мейрамхана шығынын достарыма тапсырамын. Солар көтеріп береді. Менің достарым өте көп, – дейді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары